25.06.2016, 11:25
Оқылды: 35

Төсбелгі мен куәлікті табыс етті

Tosbelgi men kualikti tabystadyҚазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ардагер журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қуанышқали Ғұсманов «Қазақстанның құрметті журналисі» белгісімен марапатталды.


Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Ибрагим Жүсіпқалиев ардагер журналиске ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетінің ұжымы алдында құрметті төсбелгі мен куәлікті табыс етті. Қуанышқали Қабдошұлы өзіне көрсеткен құрметке ризашылығын білдіріп, ізін басқан жастарға жүрекжарды тілегін айтты. Ибрагим Шәкенайұлы 37 жыл журналистік жұмыстың қазанында қайнаған қаламгердің еңбегі бұл мәртебегі лайық екенін айтса, газет редакторы М. Жомартов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Исмагулова, қаламгермен бірге жұмыстас болған әріптестері А.Мұқашева, И.Марухиналар да құттықтап, қарт журналистің әлі де жазары көп болуын тіледі.

www.zhaikpress.kz
Ясипа РАБАЕВА
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале