17.05.2016, 10:18
Оқылды: 26

Төтенше жағдайлардың алдын алу - басты назарда

Janibek totenshe jagdai   Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтіп, оған аталған комиссияның мүшелері және ауылдық округ әкімдері қатысты. Басқосуда аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Алтаев жаз кезінде табиғи және техногендік өрттердің алдын алуға арналған шаралар жөнінде баяндама жасады.


     Сондай-ақ, ол су қоймаларындағы адам өлімінің алдын алуға бағытталған шаралар және балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі жөнінде мәлімдеді. Жиында, сонымен қатар, аудан аумағындағы су құбырларының және өрт сөндіру гидранттарының жағдайы туралы сөз қозғалды.

www.zhaikpress.kz

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале