28.05.2015, 9:18
Оқылды: 14

Төтенше жағдайға дайындық пысықталды

Sirim Ortke karsi  БҚО әкімдігінің бекіткен жоспарына сәйкес Сырымда ауданда мамыр айының 25-26 күндері кешендітөтенше жағдайларды жою штабының жаттығу жұмыстары өткізілді.

Оқу-жаттығу жұмыстары барысында өзара әрекет ету нұсқаулығына сәйкес ауданның қызметтері жедел-жәрдем, полиция қызметі, жедел құтқару қызметтері шұғыл дайындықтың жоспарлы іс-шараларына орындауына аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысып, дайындық деңгейін көрді.

Аудандағы кешендік жаттығуларға сипаттама бойынша Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің 1 қабатында 50 шаршы метр көлемінде өрт оқиғасы орын алып, тілсіз жаудың салдарынан жарақат алған 3 адамға көмек көрсетудегі оқу-жаттығу жұмыстары іске асырылды. Аудандық аурухана мен №12 өрт сөндіру бөлімі оқыс жағдай орын алғанда қалай әрекет ету қажеттігін көрсетті. Қатты желдің салдарынан электр және байланыс сымдарының үзілуіндегі  құтқару шарасы мектеп ауласында өткізілді. Бұдан кейін Жымпиты-Қаратөбе тас жолы бойында автокөліктердің соқтығысуы салдарынан жол-көлік оқиғасының орын алуы сипатталып, алғашқы дәрігерлік көмек пен МАИ қызметкерлерінің шұғыл жұмысы көрсетілді. Жымпиты  ауылдық округі шекарасы  200 гектар жерде өрт оқиғасының орын алған жағдайда құтқарудағы жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Оқу-жаттығу жұмысы аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында талданып, қорытындыланды. Сондай-ақ «Қарулы  күштердің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі Президиумының шешіміне сәйкес аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы, өртке қарсы қызмет майоры Талғат Жакупов пен аудан әкімінің орынбасары Төлеген Төреғалиев Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың медалімен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Мәншүк ЕРНИЯЗОВА

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жымпиты ауылы.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале