17.07.2015, 18:18
Оқылды: 22

Төңкерістен-Оралға дейін!

 Terekti Oralga deyin kayik  26 жылдық тарихы бар «Жайық-Урал 2015» туристік-экологиялық экспедициясы Теректі ауданының Төңкеріс ауылынан бастау алды.

1989 жылдан бері облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қолдауымен жүзеге асып келе жатқан маңызы зор шаранының ашылуында сөз алған Теректі ауданының әкімінің орынбасары А.Тоқжанов табиғатты қорғап-аялау үлкеннің де, кшінің де ортақ парызы деді.

Биылғы экспедицияға Бөрлі, Теректі, Казталов, Қаратөбе, Шыңғырлау, Зеленов, Ақжайық, Жәнібек, Тасқала, Жаңақала, Орал және Ақтөбе облысынан арнайы келген командалар қатысып жатыр. Құтқарушылар және жетекшілердің қадағалауымен  командалар Төңкеріс ауылынан аттанып шығып, Жайық өзені арқылы арнайы қайықтармен жүріп өтеді. Экспедиция мүшелері Орал қаласына келіп тоқтайды. Командалар өзенде өткен уақыт ішінде Жайықтың проблемаларын анықтап, күз айында әр команда дипломдық жұмыс қорғайды.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале