21.09.2015, 17:01
Оқылды: 19

Төңіректі түгел қуантты

Akjayik altin tamir02 Ақжайық ауданының Ақсуат ауылына көршілес Ілбішінде (Ақжол ауылдық округінің орталығы) «Мұхадес» шаруа қожалығының жетекшісі Ақылбек Сағитовтың дүкені және наубайханасымен қоса «Алтын тамыр» атты мейрамханасы салтанатты жағдайда ашылды.

Жүз мыңдаған жұрты бар шаһарлардағы талай атақты мейрамханалардан артық болмаса, кем соқпайтын «Алтын тамырдың» пайдалануға берілуіне өз атырабымыздан ғана емес, тіпті сонау Маңғыстаудан Ақылбектің дос-жолдастары мен тілектестері жетті. Ал бұған дейін той-думан өткізетін орны болмаған ілбішіндіктердің риясыз ризашылығын айтпағанда, төңіректегі ауылдардың қуанышын арқалап келгендер қаншама?

Салтанатты шарада аудан әкімі Әділ Жоламанов 18 ауылдық округі бар Ақжайықта бүгінгі таңда 22 осындай орын бар екенін және кәсіпкерліктің өрісіндегі серпілісті айта келіп, А.Сағитовтың бастамашылдығына зор ризашылығын арнады. «Осындай бастама молайғай! «Алтын тамырдың» төңірегін көгалдандыруының өзінен-ақ талапты істі, талғамды сөзсіз аңғаруға болады»,-деді ол. Аудан басшысы «Мұхадестің» жетекшісіне шын жүректен ақ пейілін айтып, естелік сыйлық тапсырды.

Аумағы 800 шаршы метр, жасыл желегі, гүлзарлары жайқалған нысанның ашылу салтанатында үлкен-кіші басқалар да осынау ұзақ есте қалар күнге орай жүрекжарды лебіздерін арнады.

Күні кеше Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты ұлы мереке сахнасында өнер көрсеткен Данияр Елеуов (Жамбыл ауылы), сондай-ақ ерлі-зайыпты Ақболат пен Назым Селбаевтар (Ілбішін) сынды әншілер әннен шашу шашты.

www.zhaikpress.kz

Сағынтай БИСЕНҒАЛИЕВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале