8.01.2016, 16:34
Оқылды: 15

«УАЗ» Жайыққа батып кетті

 Akjayik myz  Жайық өзенінде мұздың жұқалығы автокөлікті көтермейтіні жайында жер-жерге құлақтандырылғанмен, жағалауларға тиісті қапер белгілері орнатылғанымен, жөнсіз тәуекелге баратындар ұшырасып қалуда.


Мұз берік қататындай, бүгінге дейін аяз тұрған жоқ. Ақжайық ауданының Ақсуат ауылы тұсынан түсіп, яғни өзеннің сол жақ бетіндегі Қарауылтөбе ауылына беттеген, бір мекемеге заттар тиеген «УАЗ» автокөлігі кеше сағат 19.30 шамасында мұз ойылып кетіп, Жайықтың түбіне батып кеткен. Бақытына қарай, рөлдегі қарауылтөбелік кәсіпкер (көлікте оның жалғыз өзі болған) терезеден шығып үлгереді. Бүгін БҚО ТЖД жедел құтқару жасағынан сүңгуірлер келіп, «УАЗды» мұз астынан шығарудың қамына кірісуде.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале