2.11.2015, 16:15
Оқылды: 24

Уланған оқушылар саны 126-ға жетті

Press konferencia Облыс әкімдігінің үлкен залында дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешеніндегі оқушылардың улануына байланысты брифинг ұйымдастырылды.

Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Хамидолла Ирменов, облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Мұхаммед Арысбаев және облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Хажарбибі Ескендірова қатысып, аталмыш мәселе жайына тоқталды.

Ауруханаға бүгінгі таңда 126 оқушы түссе, олардың 12-сі үйден жеткізілген. Осыған байланысты мектеп-интернат кешеніндегі оқыту процесі уақытша тоқтатылған. Ондағы гигиеналық талаптардың сақталмауына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Сырқаттанған балалардағы ауру белгілері бірдей. Ол  жоғары дене қызуы, эпигастрийдегі ауру белгілері, нәжістің бұзылуы, бас ауруы болып отыр. Тамақ өнімінің биоматериалдарынан, контактілі тұлғалардан сальмонеллалардың табылуын және өткір ішек инфекциясы клиникалық белгілерін есепке алып, науқастарға тамақтан токсиндік улану диагнозы қойылған.

126 оқушының 95-інің жағдайы жақсарып, қанағаттанарлық деп бағаланған. Кешенді емдеу мен тексеру жалғасуда. Емдеу курсы 7-10 күнге дейін созылмақ. Ауруды залалсыздандыру мен санитарлық ағарту жұмыстары күшейтілген.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале