1.06.2015, 9:35
Оқылды: 21

Университетке «теңдеcсіз сый»

ZH    Халықаралық форум М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да секциялар жұмысымен жалғасты. Бұл отырыстардың модераторы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мемлекет тарихы институты» ММ директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған,
М. Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асхат Иманғалиев болды.

«Алаш құндылықтары қазақ мемлекеттілігінің мән-мәтінінде» секциясына Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Розалия Баязитова, «Ұлт тағдыры» республикалық қоғамдық қозғалысының төрағасы, саясаттанушы Дос Көшім, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ғылыми қызметінің басшысы, тарих ғылымдарының докторы Нұрбек Шаяхметов, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың доценті, филология ғылымдарының докторы Ғабит Хасанов, аталмыш оқу орнының аға оқытушылары, тарих ғылымдарының кандидаттары Жаңабек Жақсығалиев пен Жәнібек Исмурзин, алаштанушы,
Ж. Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті, тарих ғылымдарының кандидаты Дәметкен Сүлейменова, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Болат Жексенғалиев т.б. ғалымдар қатысты.  Бұдан өзге «Мәңгілік халық жадында», «Тарихтың қасіретті парақтары...» секцияларында да еліміздің әр шетінен келген тарихшы ғалымдар ашаршылық, репрессия, екінші дүниежүзілік соғыс ақтаңдақтарының жаңа қырларын қаузады.

Халықаралық конференция қорытындыланғанда қарар қабылданды. Түстен кейін Орал қаласындағы арнайы орта білім беру орындарында «Қатал тағдыр налытса да, өмір-өзен мәңгілік» тақырыбымен тарих сабақтары өткізілді. Балалар үйінде Ассамблеяның қайырымдылық істері ұйымдастырылды.

www.zhaikpress.kz
Нұрлыбек РАХМАНОВ,
“Орал өңірі”

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале