1.03.2016, 11:03
Оқылды: 30

«Уолд скилс» әлемдік жобасы аясындағы айтулы байқауда – ертеңгі аспаздар

????????????????????????????????????

   Чапаев ауылында, Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінде жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру мақсатындағы «Уолд скилс» әлемдік жобасы аясында «Үздік маман» атты аймақтық байқау ұйымдастырылды. Яғни, «Аспаз» біліктілігі бойынша осы мамандыққа оқып жатқан оқушылардың қабілеттерін анықтап, олардың кәсіби-тұлғалық өсуін ынталандыру, шеберлікке, ұқыптылыққа, сапалы өнімдер дайындап, жарнамалап, тұтынушыға ұсына білуге баулу мақсатында үлкен бір шара өтті. Осында БҚО облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Нұрлыбек Абдиров Ақжайық ауданы бойынша «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» филиалының директоры Нұрболат Жанатауов, аудан кәсіпкерлерінің және колледж әлеуметтік серіктестерінің өкілдері болды.


Байқауда Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжі, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі, Жаңақала колледжі және Ақжайық агротехколледжі оқушылары бақ сынасты. «Менің мамандығым – менің мақтанышым» атты І кезеңде қатысушылар өз мамандығын жарнамалап, тұлғалық-шығармашылық қасиетін танытуға күш салды. «Шебер қолдар» кезеңінде студенттер жай кесу түрлерін қолданып, көкөністітің кесу түрі қандай тағамға пайдаланылатынын түсіндірді. «Кәсіби шеберлік» кезеңінде «Дәмдендірілген ет» тағамын дайындап, безендіруден сынға түсті. Одан әрі қатысушылардың арнайы пәндер бойынша теориялық білімдері тексерілді.

Байқау қорытындысы бойынша Назерке Сатыбалдиева (Ақжайық) І орын, Берік Ғаббасов (Жалпақтал) ІІ орын, Асланбек Тілепберген (Ақжайық) пен Айдана Төлентай (Индер) ІІІ орынды иеленді, ал Гүлмира Хомиченко (Жаңақала) «Шебер қол», Қарлығаш Қадырова (Индер) «Бармағынан бал тамған», Айгерім Жапақова (Жалпақтал) «Өнерлі аспаз» аталымдары бойынша және Құрманай Шарипова (Жаңақала) байқауға белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

Айтулы шара жұмысшы мамандығының беделін дәуір талабына сай көтеру жайында пікіралысумен мәреленді.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале