6.09.2016, 19:15
Оқылды: 25

Федоров ауылында жол жөндеу жұмыстары басталды

Теректі 122  Федоров ауылында орталық көше саналатын Бейбітшілік көшесінің жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Аталмыш көшенің ұзындығы – 3 км 145 м болғандықтан, Бейбітшілік - аудан орталығының басты әрі маңызды көшесі  болып табылады. Бұл мәліметтерді бізге аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сүлеймен Бахитов жеткізді.


 Оның айтуы бойынша, жөндеу жұмыстарын Алексей Безъянов басқаратын  «УральскСтройИнвест» ЖШС жүргізеді. Айта кетерлік бір жайт, бұл құрылыс компаниясы жөндеу  жұмыстарын  жүргізуде жетекші мекемелердің қатарында. Біздің аудан аумағында бұл компания Шалқар селолық округінде жол жөндеу жұмыстарымен айналысқан.

  - Жобаның құны – 198 млн.-нан астам теңгені құрайды. Келісім-шарт бойынша  жұмыстар 6 ай көлемінде аяқталуы тиіс. Бірақ жөндеу жұмыстарын қолға  алған жұмысшылар қыркүйек-қазан айларында жұмыстарды аяқтауға тырысамыз деп отыр. Оның барлығы ауа-райының қолайлы болуына тікелей байланысты, - дейді Сүлеймен Амандықұлы.

  Дәл қазіргі уақытта қажетті жарақтар мен техникалар жұмыс алаңына әкеліну үстінде. Сонымен қатар, Чапаев және Межколхозный көшелеріне жай жөндеу жұмыстары  жасалынып жатыр. Бұл аудан орталығына тікелей шығуға мүмкіндік беретін көшелер. Осының бәрі көлік жүргізушілеріне қолайсыздық тудырмау мақсатында іске асып жатырған шаралардың легі. Жол жөндеу жұмыстарынан қалған қоқыстар да уақытылы шығарылып тұрады.

  Бөлім басшысы жөндеу кезінде болатын келеңсіздіктерге аудан тұрғындары түсіністік танытса екен дейді. Себебі, әр жол жөндеу жұмыстарында осындай уақытша қиыншылықтар орын алатыны ақиқат.

Нурзия Сисенбаева

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале