11.06.2015, 18:11
Оқылды: 25

Федоров селолық округінде «Ақбұлақ» бағдарламасының жұмыстары қызу жүруде

Terekti akbylak   Теректі аудан орталығы саналатын Федоров селолық округінде қазір жұмыс қызу жүруде. Оған себеп, былтырдан бастап  жұмысын бастаған «Ақбұлақ» бағдарламасы еді. Екі жылға созылатын  бағдарламаның шарықтау шегі жаздың аптабына дәл келуде.

2014 жылы республикалық бюджеттен 120 млн теңге бөлінсе, оған қосымша жергілікті бюджеттен 40 млн теңге қосақталған. Ия, едәуір сомма. Жұмыстарды мердігер боп саналатын  «ПМК-117» ЖШС қолға алған. Мемлекеттік  сараптау бойынша жұмыстың орындалу кезеңі 12 айға жоспарланған.  Бастапқы бір жыл дайындық жұмыстарына кетсе, қалған бір жыл бағдарламаның нақты жүзеге асуына бағытталады.

Биыл  мемлекеттік бюджетен қосымша 181 млн 985 мың теңге бөлінсе, жергілікті бюджеттен 32 млн 145 мың теңге қарастырылған.   Жалпы қаржы жеткілікті.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале