10.11.2015, 18:23
Оқылды: 25

Филармония ұжымы Қаратөбе жерінде

KAratobe filarmonia Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сынды айтулы тарихи маңызды мерекелер аясында 9 қарашадан бастап Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының ұжымы Қаратөбе ауданының Сулыкөл, Жусандыой, Қоскөл, Егіндікөл ауылдық округтерін аралап концерттік бағдарлама ұсынуда. 

Жергілікті халыққа рухани көңіл-күй сыйлау мақсатында өнер сапарын шалғай ауылдардан бастаған филармония ұжымының құрамында «Назерке» халықтық би ансамблі және Жайық өңірінің жұлдызды әншілері өнер көрсетпекші.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале