7.06.2016, 18:51
Оқылды: 24

Франция елшілері – Зеленовта

zelenov, fransiya elshileri     Бүгін Зеленов ауданы Зеленый ауылына Франция елшілері келіп кетті.

      Олар Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Ветровтың рухына тағзым етуді ту еткен болатын.


   БҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Серік Маметанов бастаған меймандар қатарында Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі жоғары мәртебелі Франсис Етьен мырза мен жұбайы Джейн Етьен, Қазақстандағы Франция елшілігі саясат бөліміндегі атташе Жермен Лотур, экономикалық бөліміндегі атташе Сирил Низар және құрметті қонақтармен бірге Франция елшілігінің хаттама және байланыстар бойынша кеңесшісі Раушан Әшімбаева бар.

    Алдымен ауылдық клубта орналасқан мұражайға ат басын бұрған қонақтарға Н.Ветровтың ғұмыры, ол жайлы естелік айтылып, мұражайдағы жәдігерлер таныстырылды. Сондай-ақ,  Ф.Етьен мырзаға Николай Федорович туралы дайындалған кітап сыйға тарту етілді.

    Одан әрі баба рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

    -Бұл кісіге деген құрметіміз шексіз. Оның сіздің және менің отанымды фашистерден қорғауда қандай ерлік жасағанын жақсы білеміз. Ерлігі –баршаға үлгі. Соғыс ардагері қандай құрметке де лайық. Болашақта жыл сайын келіп, тағзым етуге ниеттіміз,- дейді Ф.Етьен.

www.zhaikpress.kz

ЗЕЛЕНОВ АУДАНЫ

Динара БЕРІШ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале