13.10.2015, 18:30
Оқылды: 16

Футболдан жарысты

1 (6) футболҚұтқарушылар күнін мерекелеу қарсаңында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің аймақтық бөлімдерінің командалары арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Құтқарушылар өмірінде спорттың алар орны еркеше, өйткені спорттан хабары жоқ, шынықпайтын құтқарушы жоқтың қасы. Сондықтан 5 команданың арасындағы ойын барысы тартысты өтті. Департамент  қызметкерлері өз шеберліктерімен бірге өздерінің жеңіске деген ұмтылысын айқын байқатты.

Жарыстың қорытындысында «Өрт сөндіруші» АҚ командасының мерейі үстем болып, жеңімпаз атанды. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің командасы екінші орынға табан тіреді. Ал турнирдің қонағы - фонтанға қарсы әскерилендірілген апаттан құтқару қызметі үшінші орынға ие болды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале