18.09.2015, 18:26
Оқылды: 25

«Футбол» кафе – барға қош келдіңіз!

Jymispen kantu jol kartasi    Қазталовтық Жоламан Есетов бүгінгі заманның іскер азаматы деуге болады. Олай дейтініміз – 2014 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бірінші бағыты бойынша 800 мың қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізіп, полиграфиялық қызмет атқаратын кәсіпті ашты.

Соның арқасында ауданымыз түрлі полиграфиялық өнімдерді алыстан жасатпай, ауылда дайындауға қол жеткізіп отыр.

Енді Жоламан тағы бір істің басын қайтарды. Аудан орталығынан кафе – бар ашты. Кафені кім ашпай жатыр? - деп таң қалмаңыз. Бұл кафенің бір ерекшелігі кафеге барушылар, соның ішінде тембіл доп десе, ішкен асын жерге қоятындарға арналған. «Футбол»  деп өзінің аты айтып тұрғандай барған жастар тікелей эфир арқылы футбол мачтарын тамашалай алады.

Бұның өзі аудан орталығындағы жастардың бос уақыттарын көңілді өткізуге жағдай туғызылып отыр деген сөз.

www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале