2.12.2015, 18:41
Оқылды: 24

Ф. БАЮКАНСКИЙ, облыстық «Ламед» жебірей ұлттық-мәдени орталығы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Шабыт» балалар клубының меңгерушісі:

Baiukanski   – Елбасымыз Н. Назарбаевтың таяудағы Жолда­уында мемлекетіміздің әлемдік тарихи күрделі ке­зеңдегі даму жолының нақты бағыты көрсетілген. Дүние жүзі дамуының бүкіл ерекшеліктері сара­лан­ған және біздің дамуымыздың, тұрақтылығы­мыз­дың, өсуіміздің және табысымыздың дәл есептелген, сатыларға бөлінген негіздері белгіленіпті.

Бюджеттік саланың қызметкері ретінде маған мем­лекетіміздің жаңа әлеуметтік саясаты тартым­ды. Әлемдік дағдарыстан туындаған қиыншылық салдарынан экономикамызда болып жатқан іркіліс­ті еңсеруге ұмтылу белсенді әлеуметтік саясатты қамтамасыз етеді. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап, медицина қызметкерінің жалақысы орта есеп­пен 28, ұстаздың жалақысы 29 пайызға өссе, әлеу­меттік салада 40 пайызға көтерілмек.


Сондай-ақ асыраушысынан айырылғандар және мүгедектер­ге арналған әлеуметтік төлемді 25 пайызға өсіру көзделуде. Студенттердің де шәкіртақысын көте­ру белгіленген. Жалпыға бірдей зейнетақы да құн­сыздану деңгейіне байланысты 2 пайызға өсуі тиіс. «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкердің жала­қысы 30 пайызға көтеріледі. Біздің Ұлт көшбасшы­сы әлеуметтік жағынан әлжуаз топтарға мемлекет­тің оларды қорғансыз қалдырмайтынына уәде етті.

Бүгінде тек Жалпыға бірдей еңбек қоғамы ғана тиімді экономиканың шынайы негізі болмақ. 2017 жыл­дан бастап ел көлемінде теңдесі жоқ жобаға жол ашылады. Ол – жалпыға бірдей кәсіптік-техникалық білім беру. Мұның өзі жұмысшы мамандығының беделін көтереді және халық шаруашылығының барлық саласына жұмысшы кадрларын даярлаудың кепілдігі.

Келесі жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жыл-дығын атап өтеді. Біз өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы дағдарысты ойдағыдай өткердік. Енді 2015-2016 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы стратегияны қолға алдық. Бізде «Нұрлы жол» ат­ты мемлекеттік бағдарлама бар. Біз бес институ­цио­налдық жаңғыртуларды жүзеге асыруға арналған «Ұлттың жоспары. 100 нақты қадам» жоспарын орын­даудамыз. Бұдан басқа «Қазақстан-2050» стратегиясы бар, сол арқылы біз әлемнің 30 алдыңғы қатарлы экономикасының қатарына енуіміз керек. Қазір біз «Мәңгілік ел» идеясы бойынша ұлы қазақстандық жолмен келеміз. Мемлекет басшысы Жолдауында алда толағай істер күтіп тұрғанын атап көрсетті, бірақ түпкілікті жеңіс біздің қолымызда. Ұлт көшбасшысының бұл сенімділігі біздің жанымыз­ға қанат бітіреді, ел азаматтарын Отанымыз­дың  гүлденуі  жолындағы  ұлы  істерге  бағыттайды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале