7.04.2016, 19:33
Оқылды: 29

Халықаралық байқаудың жүлдесі Жаңақалада

Jankala jenimpazdar     Астана қаласында X халықаралық «Ақ көгершін» балалар фестивалі өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстарымен қоса Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан тағы да басқа елдерден келген 5600 тарта жас өрен қатысты.


    «...Үлкен мегаполистерде шығармашылық байқаулардың жиі өткізілетінін білемін, біздің мақсатымыз – еліміздің түкпір-түкпірінен дарынды балаларды шығару» деді фестивалдің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген «Ақ көгершін» балалар қорының президенті Тамара Ескенова.

     Дүбірі алыстан естілген байқауда жаңақалалық жас өнерпаздар да өнер көрсетті. Соның ішінде «Вокал» номинациясы бойынша бақ сынаған М.Жүнісов атындағы ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Ильхан Ихсан II дәрежелі дипломмен марапатталып, дүбірлі доданың кубогын иеленіп оралды.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале