13.08.2015, 20:40
Оқылды: 32

Халықаралық жастар күні құрметіне

шагатайАқжайық ауданының орталығы – Чапаевта Халықаралық жастар күніне арналған мерекелік кеш өтті. Оған қыз-бозбала көп жиналды.

Шарада «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Біржан Кухаев, белсенді жастар Руслан Нұралиев, Мәди Мақсотов сөз сөйлеп, сарқылмас қайрат пен жасымас жігер иелері – құрдас-тұстастарын Отанымыздың дамуы жолында аянбай еңбектенуге, бойындағы бұла күш, озат ойларын алымды іске жұмсауға шақырды.

Жас өнерпаздар Аслан Бақтығалиев, Ернар Мұхамбет, Аружан Әділхан, Ақбота Ерболатова әннен шашу шашты, жаңабұлақтық «Смайликтер», чапаевтық «Ақжайық ұландары» және кеш қонақтары – республикалық додаларда өңір намысын қорғап жүрген оралдық «Грант» жайдарман топтары өнерлерін ортаға салып, жиналғандардың мерекелік көңіл-хошын еселеді. Мазмұнды ойындар, би кеші ұйымдастырылды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале