3.06.2015, 9:09
Оқылды: 25

Халықаралық өнер фестиваліна қатыспақшы

Karatobe halikaralik oner festivali  Дағыстан мемлекетінің Махачкала қаласында 5-10 маусым аралығында өтетін ІІІ Халықаралық «Каспий – берега дружбы» фестиваліне еліміздің атынан Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының жанындағы «Ауыл әуендері» фольклорлық ансамблі қатыспақшы.  Өнер сапарына аттанғалы отырған ансамбль мүшелерімен аудан әкімі Асхат Шахаров дидарласып, сәт сапар тіледі.

Еліміздің өнерін халықаралық додада танытатын «Ауыл әуендері» фольклорлық ансамбльінің құрамы 12 өнерпаздан жасақталған. Фестивальда халқымыздың дәстүрлі өнері Дәулеткерейдің «Көроғлы», Рүстем Бейсенұлының «Қолбасшы», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйлерін орындамақшы. Аудандық мәдениет үйінің әншілері Нұршат Исламғалиев Кенен Әзербаевтың «Ойжайлау», Аяжан Исмағұлова жерлес сазгер Мұхамбетияр Нысановтың «Гурьевтік гөзал қыз» әндерін шырқамақшы.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале