7.12.2015, 12:02
Оқылды: 31

Халықтық драма театры тұңғыш рет «Ана – Жер – Ананы» сахнаға шығарды

Akjayik teatr  Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы халықтық драма театры тұңғыш рет  «Ана – Жер – Ананы» сахнаға шығарды. Шыңғыс Айтматов повесінің желісі бойынша қойылған бұл әйгілі шығарманы қалың көрермендерге ұсыну үшін әрине, жан-жақты дайындық жүргізілді.

Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарындағы ауыл-елге төнген ауыртпалдықты көтерудегі жұртымыздың қайсарлығы, табандылығы, туған жерге махаббаты «Ана – Жер – Анада» өте терең суреттелгені талай ұрпақты толғандырып келеді. Бұл жолы да Толғанай ана (рөлде режиссер Күлім Алмұханованың өзі ойнады), «Жер – Ана» (Гүлсая Айтымбетова), Әлиман келін (Ақмоншақ Есетова), Сұбанқұл (Әнуар Нұрғалиев) және басқа байырғы кейіпкерлермен сахна арқылы дидарласқан көрермендерді ерекше тебіреніс баурады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале