16.06.2016, 18:41
Оқылды: 23

Халықтың алғысы көп болсын

terekti medecina

15 маусымда Теректі ауданының аурухана қызметкерлерінің құрметіне Мәдениет үйінде кеш ұйымдастырылды.


 

Шарада аудан әкімі Мұрат Мұқаев сөз сөйлеп, ақ халатты абзал жандарды төл мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар «Аудандық орталықтандырылған аурухана» Мемлекеттік коммуналды-қазынашылық кәсіпорынының бас дәрігері Мадияр Өтешов пен аудандық аурухана директоры Бекзат Құбаев сөз алып, қызметкерлеріне ақ тілектерін жолдады.

Медицина саласында еселі еңбектерімен көзге түскен 35 қызметкер ҚР Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының, аудан әкімінің, аудандық аурухана басшылығының, «Теректі аудандық ауруханасы» кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталды. Марапатталғандар қатарында дәрігер, медбике, фельдшер, акушер, бас есепші, тіркеуші, аспазшы және жүргізуші бар. Тағы бір айта кетерлігі, ауданымызда мереке қарсаңында СМС дауыс беру арқылы үздік дәрігер мен медбикені анықтау ұсынылған болатын. Нәтижесінде, Татьяна Стародуб «Үздік дәрігер - 2016», Әсем Нұғманова «Үздік медбике-2016» номинациясына ие болды.

 

www.zhaikpress.kz
Күлімхан Махметқызы
Теректі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале