11.02.2016, 18:39
Оқылды: 25

Халықтың қуаты – бірлікте

????????????????????????????????????

   Ақпан айының 11 жұлдызында Теректі ауданына іссапармен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев келді. Алдымен облыс басшысы  9 мамыр-Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ашылған Ардагерлер үйіне бас сұғып, қарияларымыздың хал-жағдайымен танысты. Еліміздің келешегі, жастар тәрбиесі, аудан көлеміндегі өзекті мәселелер талқыланды. Данагөй ата-әжелеріміз басшыларға алғыс айтып, ақ батасын берді.


Сонымен қатар Нұрлан Асқарұлы  аудандық Мәдениет үйінде өткен аудан әкімі Жеңіс Серікқалиевтің халықпен кездесуіне қатысты. Қорытынды есеп беруге, облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар, облыс әкімінің орынбасары А.Бадашев, облыс әкімі аппаратының басшысы М.Тоқжанов, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары,облыстық мекеме басшылары, тыл еңбеккерлері, аудан тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.Аудандық Мәдениет үйінің фойесінде жасақталған этномәдени орталықтардың жұмысымен танысқан облыс әкімі әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарынан да ауыз тиді.

Жиылыс басында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде бейнефильм көрсетілді.

Аудан әкімі баяндамасында бір жыл ішінде атқарылған іс-шараларға тоқталып өтті. Атап өтсек, 2015 жылы аудандық бюджет 4 млрд. 937 млн.105 мың теңгені құраған болатын. Оның ішіндеаудан бюджетінің өз кірісі -931,4 млн.теңге.«Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде барлығы 85 маманға қолдау мақсатында 136 млн. 188 мың теңге бөлінді.

Аудан әкімінен соң, ауданымыздың құрметті азаматы Александр Попов пен Подстепный №1 ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі, жас маман Шынар Диярова сөз сөйлеп, Жеңіс Серікқалиұлының жыл бойы атқарған қызметіне оң баға берді. Сосын аудан әкімі ауыл тұрғындарының сұрағына жауап берді. Есеп беру кезінде сүт өндіру; игерілмей жатқан шабындық жерлердің мемлекетке қайтарылып, жеке кәсіпкерлікпен айналысып, шаруасын дөңгелетуге ынтық болған азаматтарға берілуі; аудандық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу; мал өсірушілерге жағдай жасалуы; су және жолды қардан тазарту сынды мәселелер қозғалды. Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы сол мезетте осы іспен айналысушы қызметкерлерге тапсырма беріп, жұмыс барысын тікелей өзіне баяндайтынын айтты. Сонымен қатар ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын ерекше атап өтті.

Тұрғындар облыс әкімі мен аудан әкімінің жауабына дән риза болды. Ардагер әже, Шаған ауылының тұрғыны Күләш апай ел басқарушы ағаларға алғыс айтып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына жүрекжарды өлеңін, тілегін арнады.

www.zhaikpress.kz

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале