15.03.2016, 9:43
Оқылды: 22

Халық көрісу күнінде арқа-жарқа қауышты

????????????????????????????????????

   Зеленов ауданы орталығында көрісу күні биыл да ерекше аталып өтілді.

Достық мәдениет үйінде «Ақниет» әжелер ансамбілінің жетекшісі Гүлбаршын Қасиетованың ұйытқы болуымен өткізілген  шараға ауыл ақсақалдары, әжелер мен келіндер бастап, балалар қоштап көрісе келді. Киіз үйге жиналған үлкендер мен жастарға Гүлбаршын Ғұмарқызы ұлттық тағамдар, соның ішінде бауырсақ және оның түрлері хақында әңгімелеп берді. Ал, Калинин ауылдық кітапханасының меңгерушісі Ханшайым Орынбайқызы ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін кітаптарды таныстырып, әдет-ғұрпымыз жайлы сыр шертті.


Сонымен бірге «Шежіре» халықтық ансамблінің жетекшісі Аслан Ғизатов құлақтың құрышын қандыра домбырадан күй шертсе, «Ақниет» әжелер ансамблі мен жас шәкірт Лунара Хайролла әннен шашу шашты.

Шара барысында балалар да қалыс қалмай мақал-мәтел, жаңылтпаштарды жарыса айтып, жұмбақтар жасырды.

Төс қағыстыра көрісіп, ақтан дәм татқан соң Сатым ақсақал қол жайған жамағатқа ақ батасын тіледі.

www.zhaikpress.kz

Динара БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале