29.03.2016, 10:22
Оқылды: 14

Халық қалаулыларын қабылдады

????????????????????????????????????

   28 наурыз күні Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин жаңадан аудандық мәслихат депутаттығына сайланған халық қалаулыларын қабылдап, құрмет көрсетті.


-Сіздер ел сенімін ақтайтын халық қалаулысы болдыңыздар. Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ендігі алдағы уақытта бірлесіп, жұмыс жасайтын боламыз. Елдің, ауылдың көркейіп, дамуына өз үлестеріңізді қосатындығына кәміл сенемін,-деп өзінің құттықтауын білдірді ауыл әкімі. Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттарына ауыл тұрғындары сенім артқан соң олардың тұрғындарды қабылдауда бөлек бөлмелері жасақталатынын да айтып өтті.

Ауыл әкімінің қабылдауында болған аудандық мәслихат депутаттары Дулат Ихсанов, Надежда Нигимова, Салтанат Өтеғұлова, Мұрат Ахметжанов өздерінің ризашылықтарын білдіріп, елмен бірге жұмыс атқаратындықтарын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале