9.06.2016, 16:48
Оқылды: 22

Халық қалаулылары Жырақұдықта

 Halyk kalaulylary    Сырым аудандық мәслихат хатшысы Ш. Дүйсенғалиева бастаған бір топ депутат ауданымыздың іргесіндегі Жырақұдық ауылында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында Қособа ауылының әкімі Ж. Асфендиярұлы сөз алып, ауылдың жалпы жәй-күйімен таныстырды. Айтуынша Мемлекетіміздің көрсетіп отырған бағдарламасы аясында шаруашылықтардың жұмысы оңды. Дегенмен, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша ауылымызда осы шаруашылықтың жәйі бәсең екенін жасырмады.


   Сондай-ақ, қазіргі кезде аудан орталығымен қатынайтын жол мәселесі ауыл тұрғындарын алаңдатып отыр екен. Ауыз су мәселесі жөнінде Ж. Асфендиярұлы су тұрғындарға уақытылы берілуде. Қазіргі таңда ауыл маңынан су көзі табылып отыр. Болашақта Қособамен Жырақұдыққа ауыз су тартылатын болады десе, байланыс жүйесіде алдағы уақытта ауыл халқы үшін «Beeline» оператор жүйесімен ыңғайлы жолға қойылады деді.

   Осындай игі істердің қатарында Қособа ауылындағы мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Оған аудандық Жұмыспен қамту орталығымен бірлескен жұмыс нәтижесінде  ауыл тұрғындары осы аталған жөндеу жұмысына орналастырылғанын айтты. Одан кейін сөз алған аудандық мәслихаттың депутаты Р. Кимқызы ауыл тұрғындары алдында биылға жалдың оқу жылынан бастап, 12-жылдық оқу жүйесінің енгізілетінін айтты. Мұндағы елең еткізген тағы бір жаңалық оқушылардың білім деңгейін бағалау жүйесі болды. Айтуынша, бағалау жүйесі бұрынғыдай «Бестік».

www.zhaikpress.kz
СЫРЫМ АУДАНЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале