22.09.2016, 17:32
Оқылды: 25

Халық қалаулылары өнерге жанашырлық жасады

image-22-09-16-03-48-1«Нұр Отан» партиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Мейірбек Рамазанов пен Жұмабек Хайруллин өздерінің сайлау округтеріндегі әлеуметтік мәселелерге жіті көңіл бөліп, олардың барынша шешілуіне атсалысып келеді.

Шынында да халық қалаулылары немесе еліміздің басты қозғаушы күші партиясының мүшелері өздеріне тапсырылған істерге ықпал ететіні белгілі. Осы орайда аудан орталығындағы саз мектебінің аспаптары ескіріп, тозығы жеткендіктен ондағы шәкірттердің өнер әлеміне тереңірек енуіне кері әсерін тигізіп тұр еді. Осы мәселені ескерген депутаттар сессияда музыкалық аспаптар алуға қаржы бөлдіруге ықпал жасады.

Соның нәтижесінде аудандық саз мектебіне 6 млн.-ға жуық қаражат теңгеге фортепиано, баян, домбыра тағы басқа да музыкалық аспаптар алынды. Енді осы мектепте оқып жатқан шәкірттер жаңа аспапты үйреніп, қуаныш үстінде жүр.

Аудандық саз мектебінің директоры Жадыра Тілеубаева, - халық қалаулыларының өнерге деген осындай қамқорлықтары үшін ұстаздар, шәкірттер және ата-аналар атынан рахметімді жеткіземін,-дейді.

Қос өзеннің ортасында жатқан еліміз өнерлі. Олай болса, саз мектебінен де әлі талай дарынды шәкірттер шығары сөзсіз.

 

Гауһар Әділжан

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале