4.05.2016, 16:02
Оқылды: 32

Халық қалаулысы студенттермен кездесті

BMaken    Сәрсенбі күні ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаты Бақтияр Мәкенұлы ҚазИИТУ ғылым-білім кешеніне арнайы келіп, студенттермен және ұстаздармен кездесті.


     -Біз бір топ депутаттар облыстың әлеуметтік-экономикалық  бағыттағы жағдайы, өңірдегі  проблемаларды шешу жолдарын қарастыру мақсатында арнайы келдік. Ең басты мақсатымыз -ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында қабылданған  «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бұл үлкен тарихи жағдай. Мызғымас тәуелсіздігін алған қазақ еліндегі  ұлтаралық келісім, конфессияаралық қатынас, мұның бәрі тұрақтылықтың арқасы. Сондықтан Елбасымыздың «Мәңгілік ел» ұстанымын жастарға түсіндірмекпіз.  Елбасымыздың өзі де жастар алға ұмытылуы керек деп жиі айтады. Жастарға тегін білім алуға, өзін дамытуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға бар мүмкіндік жасалған. Өзім қарапайым ауылдың баласымын. Ауылдан келіп, жоғары оқу орынына түстім. Қоғамдық жұмыстарға белсене араластым.  «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алдым. Сондықтан жастар  мемлекетімізде жасалып жатқан мүмкіндіктің бәрін пайдалана білу керек, -деді Бақтияр Мәкенұлы кездесуде сөйлеген  сөзінде.

    Жастармен жүзбе-жүз кездесіп, олардың толғандырған мәселесін парламентте көтеруді мақсат еткен халық қалаулысы қазіргі өзекті мәселенің бірі – жер мәселесіне қатысты журналистер қойған сұраққа былай деп жауап берді:

     -Жер –халықтыкі. Ол біздің бабамыздан қалған байлығымыз.  Жер ешқашан шетелдіктерге сатылмайды.  Бұл теріс бағыттағы әңгіме, - деді ол.

     Кездесу барысында жастардың бірден жұмыс таба алмайтындығы да ұстаздар назарынан тыс қалған жоқ. Кездесуге жиналған ұстаздар мен студенттер сұрақ қойып, өз ойларын ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале