22.06.2015, 16:26
Оқылды: 40

Халық әртісі Е.Хасанғалиев еліне келді

Obl akimi kabildau Hasangaliev02    Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев шығармашылық сапармен туған жеріне келген белгілі әнші-композитор, ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиевті қабылдап, құрмет көрсетті.

Кездесу барысында өңір басшысы Ескендір Хасанғалиевті мерейлі 75 жасымен құттықтап, осыған орай арнайы дайындалған «Туған жер - әнім» шығармашылық кешінің сәтті өтуіне тілектестігін білдірді. Елге жары Дарико, ұлы, әнші-композитор Біржан Хасанғалиев және немересі, Канаданың Торонто қаласындағы кинорежиссерлер дайындайтын жоғары оқу орнының студенті Әмір Әменовпен бірге келген Ескендір Хасанғалиев осыған дейін мерейтойлық концерті Астана мен Алматыда табысты өткенін, аталмыш сапар соның жалғасы іспеттес екендігін, Ақ Жайыққа арнайы шақырғаны үшін облыс басшылығына ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кеші бүгін облыстық қазақ драма театрында өтсе, ертең туған жері Қаратөбе ауданында жалғасады.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале