19.06.2015, 20:28
Оқылды: 20

Хан ордасында 1930 жылдың 8 октябрінде жарық көрген «Жаңа жол» газетінің №9 санының 5 данасын тауып алды

Bokei gazet   Еңбек демалысында жүріп, ХІХ ғасырдың сәулет ескерткіші болып табылатын тұрғын үйіне жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан ханордалық Ғайса Темірболатұлы Махимов (музейлік кешен директоры) 1930 жылдың 8 октябрінде жарық көрген «Жаңа жол» газетінің №9 санының 5 данасын тауып алды.

Үй қабырғасы арасынан газеттермен қатар көзілдірік пен кішкене әйнек құты да шыққан.

85 жыл жатқан газет шиыршықтала оралып, белінен кендір жіппен байланған. Газеттің осыншама жыл ылғал тимей, кеміргіштер зияндамай, беттері үгітілмей сақталуының өзі таңғаларлық оқиға.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале