26.09.2016, 10:00
Оқылды: 21

«Ханшайым» дәмханасы ашылды

%d1%85%d0%b0%d0%bd%d1%88%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%bc-%d0%b4%d3%99%d0%bc%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%81%d1%8b-%d0%b0%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d1%8b  «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы негізінде несие алып, Бөкей Ордасы ауданы орталығының тұрғыны Талғат Хайрушевтің отбасы «Ханшайым» атты дәмханасының ашылу салтанатын жасады.

   Салтанатта сөз алған аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева кәсіпкерлерге табыстарың тасқындай берсін деген ізгі лебізін арнаса, өз кезегінде Хайрушевтердің шаңырағының келіні, дәмхана аспазы Әсел Насимоллинаның әкесі Ғайса ата мен ағасы Қайрат қуаныштарына ортақтасып, жиылған жұртшылыққа алғыстарын жаудырды.

  Есікке керілген лентаны қию құрметі Лариса Тельманқызы мен кәсіпкерлердің көршісі Зәуре әже Әшеноваға бұйырды. Рәсімнен соң ішке енген көпшілік, құтты болсын айтысып, жайылған дастархандағы дәмнен ауыз тиді.

Г.БАДЕЛОВА

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале