13.08.2015, 19:28
Оқылды: 22

Хан ордасында жаңа мешіт ашылды

 

мешитХан ордасы ауылында іскер азамат, облыстық мәслихат депутаты Серік Мұхамбетшиннің жеке қаржысына салынған Алланың жердегі үй –мешіттің ашылу салтанаты болып өтті.

Аудан әкімі Н.Рахымжанов осынау сауапты іске мұрындық болып отырған Серік Бисемәліұлы Мұхамбетшинге алғыс сезімін жеткізіп, имандылық үйіне ноутбук сыйға тартты.

Айтулы шараға облыстық орталық мешіттің наиб-имамы Марат қажы Хасанов, Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Жахатовтар арнайы қатысты.

Жаңа мешіт ішінде жамағатқа құран бағышталды.

   www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале