25.08.2015, 19:06
Оқылды: 32

Хан ордасында «Тарихы терең Қазақ елі» атты республикалық ақындар айтысы өтуде

 

айтыс (1)Бүгін Бөкей ордасы ауданы тарихи Хан ордасы ауылында «Тарихы терең Қазақ елі» атты республикалық ақындар айтысы өтуде.

Екі айналымнан тұратын жыр бәйгесіне еліміздің облыстары мен қалаларынан барлығы жиырма ақын қатысып, бақ сынауда. Әзірге астаналық Әсем Ережеқызы, батысқазақстандықтар Мұрадым Мирланов, Бауыржан Ширмединұлы, Эльдар Ихсановтар сәтті өнер көрсетуде. Айтысқа атақты өнер майталманы Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы төрелік етуде. Бас жүлде - 1,5 млн. теңге.

айтысАйтысты жүргізуші, белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Жүрсін Ерманның айтуынша, Елбасы Жарлығына сәйкес Қазақ хандығының 550 жылдығына орай республиканың түкпір-түкпірінде «Нұр Отан» партиясының бастамасымен айтыс өтуде. Соның бірі - Хан ордасындағы ақындар сайысы БҚО әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Аламан бәйге алдағы қазан айында Жамбыл облысында Жәнібек пен Керей ханның ту тіккен жері Қозыбаста болмақшы.

Жәңгір хан іргесін қалаған Хан ордасындағы айтыс бүгін мәреге жетеді.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале