26.08.2015, 11:55
Оқылды: 25

Хан ордасында өткен республикалық айтыста бөкейордалық Жансая Мусина топ жарды

ЖансаяБөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарихы терең Қазақ елі» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша Бөкей ордасы ауданынан қатысып, осы айтыста жарқырай көрінген Жансая Мусина бас жүлдені (1,5 млн. теңге) жеңіп алды.

Араға он жыл салып, додаға қайта қосылған, Қазталов ауданы Жалпақтал топырағынан түлеп ұшқан, қазір Астана қаласында тұратын Жібек Болтанова бірінші жүлдеге (1 млн. теңге) лайық деп табылды.

Арқалық қаласынан келген арқалы ақын Айбек Қалиев пен астаналық Әсем Ережеқызы - екінші, қызылордалық Мұхтар Ниязов пен БҚО-ның Жәнібек ауданынан шыққан Мұрадым Мирланов үшінші орынды иеленді.

айтыс (1)Қатысқан барлық ақындарға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Сонымен қатар батысқазақстандық сегіз ақынға облыс әкімінің стипендиясы тапсырылды. Олардың қатарында Талғат Мықи, Жансая Мусина, Бауыржан Ширмединұлы, Жарқынбек Шынтасов, Айнабек Бисенғалиев, Мұрадым Мирланов, Назгүл Кәрімовалар бар.

Айтысты жүргізген Жүрсін Ерманның хабарлағанындай, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сөз сайысы мұнымен бітпейді. Осы айтыста жақсы көрінген батысҚазақстандық Бауыржан Ширмединұлы мен атыраулық Шалқарбай Ізбасаров 20-21 қыркүйекте Алматыда, 1-2 қазанда Ақтөбеде өтетін республикалық додаларға жолдама алды.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале