23.02.2016, 17:37
Оқылды: 20

Химия әскерінің қолбасшысы Шәкір Жексенбаевтың туылғанына 115 жыл толуына орай шара өтті

Jeksenbayev    Бүгін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да «Тау тұлғалы қайраткер» атты тәрбиелік шара болып өтті.

Оған аталмыш жоғары оқу орнының оқытушылары, студенттері, еңбек ардагерлері және басқалары қатысты. Жиын қазақтың атақты генералы, химия әскерінің қолбасшысы Шәкір Жексенбаевтың туылғанына 115 жыл толуына арналды.


Басқосуда жиналғандарға қазақтың әскери қолбасшылары, соның ішінде Шәкір Жексенбаев туралы «Тұңғыш рет» атты деректі бейнетаспа көрсетілді.

Қолбасшыны еске алу шарасында БҚАТУ-дың әскери кафедрасының басшысы подполковник Андрей Юманин, генералдың немере қарындасы Қалима Айталиева, Бөкей Ордасы мұражай кешенінің директоры Ғайса Мақимов, БҚМУ-дың ғылым докторы Абат Қыдыршаев және басқалары сөз сөйледі.

Студенттер генерал құрметіне әндер шырқап, өлеңдер оқыды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале