29.04.2016, 11:26
Оқылды: 25

«Хрустальді шоқыр – 2016» V облыстық байқауы қорытындыланды

Sirim turr     Орал қаласындағы облыстық қазақ драма театрында Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына арналған «Хрустальді шоқыр – 2016» жүлдесінің V облыстық байқауының қорытынды марапаттау  шарасы өтті.


      Бұл шарада Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков «Балалар туризмін дамытудағы жергілікті атқарушы органдар рөлі» аталымы бойынша «Хрустальді шоқыр – 2016» сыйлығын алды. Осындай сыйлық туристік – өлкетану және экологиялық қызметті бұқаралық ақпарат құралдарында үздік насихаттаған «Сырым елі» қоғамдық – саяси газетінің тілшісі Бауыржан Ширмединұлына да табыс етілді.

     Туристік - өлкетану қызметін үздік ұйымдастырған мектепке дейінгі ұйым ретінде аудандық «Балдырған» балабақшасы және Сырым аудандық жас туристер станциясының туризм бөлімінің меңгерушісі Жасқанат Есламғалиев туристік – өлкетану және экологиялық жорықтар мен экспедицияларды ұйымдастырғаны үшін марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале