25.08.2015, 17:23
Оқылды: 27

«Хуторский» күркетауығының етінен аулақ жүріңіз!  

 

Kyrketauik etiҚазақстанға Ресейден әкелініп жүрген кейбір құс өнімдерінің талапқа сәйкес келмейтіні, патогенді микрофлораның (Salmonella) анықталуы, таңбалау бөлігінде бұзушылықтар анықталғаны көпшілікке мәлім.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 21-бабы, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт қағидалары, Үкіметіміздің Қаулысымен бекітілген «Халықтың пайдалануы мен қолдануға, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу» Ережесінің 2 және 4-тармақтары негізге алына отырып, Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаевтың 2015 жылғы 19 тамыздағы №3 қаулысына байланысты Ақжайық аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының қызметкерлері жедел атқа қонып, сауда орындарындағы сатушыларға, сондай-ақ тұтынушыларға, еңбек ұжымдарына соны тағы қаперге салуда.

Атап айтқанда, «Курников» СКК» ЖШҚ өндіретін (Ресей Федерациясы, Саратов қ., Новоастраханск шоссесі, 75 үй; нақты мекенжайы: Саратов облысы, Татищев ауданы, Латухино ауылынан 1,5 км. шығысқа қарай) «Хуторский» мұздатылған, тартылған күркетауық еті өнімінің өткізілуі тоқтатыла тұратынын жұртымыздың есіне салуда. Бүгінде еліміздің сауда орындарынан аталған өндірістердің бұл өнімін сатып алмау керек, соларды әкелуге уақытша тыйым салынғанын ұмытпаған абзал. Басқарма қызметкерлерінің ауылдарға сапары жалғасуда.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале