18.03.2016, 17:50
Оқылды: 20

Чапаевта агротехколледжде «Армысың, мерейлі әз Наурыз!» мерекесі өтті

????????????????????????????????????

 Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта агротехколледжде «Армысың, мерейлі әз Наурыз!» мерекесі өтті. Тұрғындар, кадрлар ұясының жанашырлары көп жиналған шараға аудан әкімі Әділ Жоламанов қатысты.

Оқу орны ғимараттары ауқымды алаңына орналасқан алты қанат киіз үйдің көркі көрер көз тартып тұрды. Келген қонақтар алдымен оқу орнының спорт залына енді. Мұнда спорттық ойындар көрсетілді. Мәселен, гір тасын көтеруде Мерхат Ақжайық, Жанат Мақсот, қазақша күрестен Максим Мағзом, Асқар Омар тамаша өнер көрсетті. Сосын қалың жұрт оқу орнының мұражайымен танысты. Мерекелік шара мәжіліс залында жалғасты. Осында аудан әкімі Әділ Тауфихұлы құттықтау сөз сөйледі.


- Биылғы Наурыз мерекесі еліміздің түбегейлі міндеттерді шешуге ұмтылып жатқан тұста өтуде. Елімізде жүзеге асып жатқан межелер қаншама. Жақында ғана Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен біздің облыста болды. Өңірімізде басты бағдарламалар бойынша үлкен істердер тындырылып жатыр.  Осының бәрі баянды болатынына жер-жерде қуанышпен аталып жатқан Наурыз куә. Ұлыс құтты болсын,- деген аудан басшысы байырғы білім ордасының ұжымына айтулы табыстар тіледі.

Студенттер Сұлушаш Қадырғалиева, Алтынай Сахаратова, Аружан Бақтыгерей «Наурыз», «Қазақтың дастарқаны», «Наурыз айы келгенде», «Сәлем саған, Туған ел» әндерін шалқыта салып, тойшыларды шат-шадыманға бөледі. Осында ежелгі ұлттың салтымыздың келбетін танытатын «Ерулік беру», «Бітімгершілік» «Ұйқыашар» және «Селтеткізер», «Құда түсу» сияқты көріністер қойылды. Маңайға ежелгі сұлу салттарымыз жаңғырығы естілгендей болды.

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале