29.09.2016, 10:38
Оқылды: 57

Чапаевта Мұғалім күні қарсаңында үздік ұстаздар құрметіне «Құрмет тақтасы» ашылды

????????????????????????????????????

  Ақжайық ауданының орталығы-Чапаевта Мұғалім күні қарсаңында үздік ұстаздар құрметіне «Құрмет тақтасы» ашылды.


   Білім бөлімі ғимаратының алаңында орнатылған «Құрмет тақтасында» айталық, Будариннен орта мектеп-балабақша директорының орынбасары Нәбия Ақмышева, Тайпақтағы Құрман Байсықов атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі Майра Базарбаева, Чапаевтағы Абай атындағы мектеп -гимназиясының директоры Светлана Оразова, Базаршоландағы Ғабдолла Махамбетов атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Ораз Қалыбаев, Чапаев №1 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айнұр Набиденова және басқа, барлығы он мұғалімнің фотосуреттерімен қоса еңбектегі жетістіктері жазылған.

   «Құрмет тақтасын» аудан әкімі Әділ Жоламанов пен ардагер-ұстаз Күнсұлу Таспаева ашты.

    Мұғалім күніне арналып«Мәңгілік елдің ұстазы» атты салтанат пен мерекелік концерт өтті.

Бек Сүйініш

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале