16.02.2016, 10:28
Оқылды: 25

Чапаевта тұрмыстық қалдық-қоқысты аяқ астына тастай салғандарға 14 хаттама толтырды

????????????????????????????????????

 Тұрмыстық қалдықтарды кез-келген жерге төгетін заман келмеске кетті. Ақжайық ауданында қоршаған ортаны ластаушыларға тиісті орындар соны мықтап құлаққағыс жасауда. Әрине, тазалыққа қатысты тәртіпке көндігу оңайға түспей тұр.


Жыл басынан бері тек аудан орталығы Чапаевтың өзінде полицияның учаскелік инспекторлары тұрмыстық қалдық-қоқысты аяқ астына тастай салғандарға 14 хаттама толтырды. Оларға әкімшілік сипаттағы шаралар алынды. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» дегенді бүгінгі уақыт көтермейді. Бұл да тұрғындардың қаперіне салынуда.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале