22.04.2016, 10:58
Оқылды: 68

Чапаев ауылы әкімімен баспасөз мәслихаты өтті

????????????????????????????????????

     Чапаев әкімі Маханбет Әбілов өткізген баспасөз мәслихаты аудан орталығын көріктендіру тақырыбына арнады. Бұл өзі «ыр-жыры» жетіп жатқан мәселе (әрине, тек Чапаевқа қатысты емес) екені мәлім. Сондықтан Маханбет Абайұлына «жауыр болған» сұрақ аз болған жоқ.


     Әрине, ауылдың ажарына байланысты орындалып жатқан іс те, ереңгі жоспар да бар. «Даңқ» саябағына ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Н.Майданов атындағы саябақ жаңартылуда, осында мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған ауыл түлектері субұрқақ орнатуда. Су арықтарын реттеу, көшелерді жарықтандыру, Чапаев – Жайық ауылы арасындағы көтерме жолды жайландыру жөнінде қам-қарекеттер орындалатын болады. Қоқыс полигонына қоршау жүргізіледі.

     Алайда, бір жер жиналып жатса, екіші тұс ыбырсып жататын, яғни жылдан жылға жалғасқан настық, салақтық шынымен-ақ үстем бола бермек пе? Қоқыс контейнерін пайдалануға, бұған тиісті төлемін беріп отыруға дағдылана қоймағандар толып жатыр. Сөйтіп, «Сен тимесең, мен тимен...» ушығып, нағыз кінәлілерді табудың шеті көрінбей кетеді.

     Мәсихатта айтылғандай, жуырдағы өткен кезеңде көгалдандыруды, жасыл екпелергді жоюға барғандарды 57 хаттама, ортақ пайдалану орындарын ластағандарға 37 хаттама толтырылып, 9 адамға алды 20 мың теңгеден асатын айыппұл салынған, 26 адам әкімшілік қамаққа алынған. Аз ба, көп пе? Әрине, әңгіме сайып келгенде, санға емес, санаға барып тіреледі. Заң қатайғанынан хабары болғанның өзінде тұрмыстық қалдықты аяқ астына лақтырудан, «өй, қайтер дейсіңнен» бүгін-ертең арыламыз деп айту қиын. Санитарлық ортақ жайлылыққа әр үй ішінің өзінің қатаң заңдылығы болмаса, бәрі бекер. Осыған қол жеткізу амалын тапсақ, ертең болмаса да бүрсікүні таразы басында тазалық салақтықтан басым түсер-ау.

     Егер көшедегі 10 үй иесі келісіп, «дұрсы пайдаланымыз» десе, олар үшін қоқыс контейнері орнатылады. Тек сол сөздің жерде қалмауын айт.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале