24.02.2016, 12:16
Оқылды: 29

«Чапаев-Жаңақала-Сайхын», «Жымпиты-Қаратөбе», «Орал-Кирсаново», «Бұлдырты ауылына кірме жол» автожолдарын жөндеу жоспарлануда

Акимм044  Ұлттық қордың нысаналы трансферттері есебінен (3,0 млрд.теңге) «Орал-Каменка-РФ шекарасы (Озинки)» республикалық маңызы бар автожолын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, 11 шақырымнан астам жол жөнделді.

Сонымен бірге, 2015 жылы облыстың автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге, күтіп-ұстауға5,5 млрд.теңге бөлінді.


Жалпы алғанда, ұзындығы 116 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Анықтама ретінде: «Ақсай-Шыңғырлау», «Чапаев-Жаңақала-Сайхын», «Анқаты-Сарыөмір»,«Жымпиты-Қаратөбе», «Орал-Кирсаново», «Бұлдырты ауылына кірме жол» автожолдарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы облыстық маңызы бар автожолдарғакүрделі және орташа жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттерден6,6 млрд.теңге қарастырылды.

Жалпы ұзындығы 136 шақырым «Ақсай-Шыңғырлау», «Чапаев-Жаңақала-Сайхын», «Жымпиты-Қаратөбе», «Анқаты ауылына кірме жолымен Анқаты-Сарыөмір», «Орал-Кирсаново», «Бұлдырты ауылына кірме жол» автожолдарын жөндеу жоспарлануда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале