28.12.2015, 11:10
Оқылды: 19

Чапаев кентінде 25 желтоқсан күні кешкісін қанды оқиға орын алды

anshi karui    Ақжайық ауданының Чапаев кентінде 25 желтоқсан күні сағат 17: 20 – да қанды оқиға орын алды. Жергілікті 43 жастағы шаруа қожалығының басшысы аудандық емханаға келіп, ол өз зайыбын шақыруды өтінеді. Әйелі шыққан кезде ер адам өзінің күртесінің ішіне жасырып келген шолақ мылтықпен төрт рет оқ атады.


     1972 жылы туған медбике ауыр халде реанимобильмен аудандық ауруханаға жеткізіледі. Кейіннен сонда көз жұмды.

   Анықталғанындай, сол күні ерлі-зайыптылар айырылысу туралы сот шешімін алған екен. Олардың екі баласы бар.

    Басында қаруын тастай қашқан ер адам белгісіз бағытқа із жасырады. Кейін кінәсін мойындап, АІІБ-не өзі барады. Қазіргі таңда тергеу изоляторында қамауда отырған азаматқа қылмыстық іс қоғалып, тергеу амалдары жүруде.

www.zhaikpress.kz

Ә.Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале