4.05.2016, 10:13
Оқылды: 27

Чапаев рингінде – 220 жасөспірім

????????????????????????????????????

   Ақжайық ауданының орталығы – Чапаев ауылында аудан спортшыларының жүлдесі үшін бокстан жасөспірімдер арасындағы ІІ Халықаралық турнир ұйымдастырылды. Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл айтулы шарада Ресей Федерациясы, еліміздің Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстары, сонымен қатар Орал қаласынан «Бәйтерек» спорт клубы, БЖБСМ, №43 орта мектеп, спорт интернаты түлектері, Зеленов, Қазталов, Теректі және Ақжайық аудандарының жас боксшылары қолғап түйістірді. 220 жасөспірім қатысқан турнирдің ашылу салтанатында оған қатысушыларды аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтады.


     Төрт күн бойы рингтегі күш сынасулар мынадай қорытынды әкелді:

    2006-2007 жылдары туғандар арасында Нұраш Теңізбай (24 кг.), Ізім Мансұр (26 кг.), –Орынбай Берік (42 кг., бәрі де Ақжайық), Тагир Сатаев (28 кг., Орал); 2004-2005 жылдардағыдан Сайман Али (28 кг.), Сейілхан Әмір (32 кг.), Халид Исаев (34 кг.), Қабдолла Бейбарыс (38 кг.), Мейрамбек Әубәкіров (42 кг., бәрі де Орал), Теміржан Тимур (30 кг.), Ғариполла Жанел (36 кг., Ақжайық); 2002-2003 жылдардағыдан Бақберген Мұқанов (32 кг.), Төлеген Берікболсын (40 кг.) Асхат Болатов (42 кг.), Марат Дамир (63 кг., Ақжайық), Абзал Ахметжанов (36 кг.), Алижан Қадырханов (44 кг.), Диас Иркенов (46 кг., Орал); 2000-2001 жылдардағыдан Ақбала Наурызбек (50 кг.), Армат Маратов (54 кг., Ақжайық), Алтынбек Нұрғалиев (52 кг.), Рауан Ерлан (57 кг., Маңғыстау), Бекет Қожабеков (60 кг., Ақтөбе); 2000-2001 жылдарғы қыздар арасында Жәмилә Сағиден (58 кг., Ақжайық), Айша Ғиниятова (60 кг., Орал); 1998-1999 жылдардағыдан Алексей Гонтанов (49 кг.), Алмаз Каримов (69 кг., РФ, Саратов обл., Александров-Гай ауд.), Досболат Шәріпов (56 кг., Қазталов) жеңімпаз атанды.

     Аталым бойынша «Үздік техника үшін» Т.Сатаев, Х.Исаев, А.Қадырханов (Орал), Б.Қожабеков (Ақтөбе), Д.Шәріпов (Қазталов) марапатталса, туринирдің «Ең үздік боксшысы» болып Ақбала Наурызбек (Ақжайық) атанды. «Ең үздік төреші» атағы Қалмұрат Торбаевқа (Атырау) табысталды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале