8.09.2016, 15:37
Оқылды: 28

Чемпионға жерлестері сәйгүлік мінгізді

%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f%d1%80-%d0%b0%d1%82Рио Олимпиадасында алтыннан алқа тағынған Данияр Елеусінов елге келген сапарында кіндік қаны тамған Қазталов ауданындағы Қайыңды ауылына келді.


Қазталовтың алтын ұлы туған ауылына сапары барысында Данияр алдымен Ұлы Отан соғысының боздақтарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. %d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%82-%d1%88%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d0%bdБұдан кейін чемпион Қайыңды Мәдениет үйінде ауылдастарымен жүздесіп, ағайынның қойған сауалдарына жауаптар берді. Арнайы концерттік бағдарламаға ұласқан кеште қайыңдылықтар Марат Елеусіновке шапан жауып, Олимпиада чемпионы Даниярға сәйгүлік мінгізіп, ақ баталарын берді.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале