9.02.2016, 16:15
Оқылды: 16

Чехиялық делегацияны қабылдады

oblis akimi    Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев еліміздегі Чехия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Элишка Жигова бастаған аталмыш мемлекеттің делегациясын қабылдады.


         Кездесу барысында елші ханым бұл тарихи сапар екенін мәлімдеді. Себебі Чехия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісінің Ақ Жайық өңіріне жасап отырған алғашқы сапары. Сапардың негізгі мақсаты - әлеуеті жоғары Батыс Қазақстан облысымен арадағы байланысты дамыту әрі Орал қаласында Чехия Республикасының консульдігін ашу.

         Элишка Жигова облыс басшысына кеше Ақсай қаласына жасаған сапарын да айтып өтті. Ондағы чех қалашығын көргенін, чех пен словак тілдерін оқытуға арналған «Distination» оқу орталығының жұмысымен танысқанын, Ақсайда қызмет істеп жүрген отандастары жөнінде тілге тиек етті. Елшілік осы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге ниетті. Жалпы елшілік Қазақстанның әрбір өңірімен ытымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.

Чех  кәсіпкерлері өңіріміздің экономикасына инвестиция салуға мүдделі. Әсіресе инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, машина жасау салаларына қызығушылығы зор.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале