18.08.2016, 19:01
Оқылды: 31

Шабындықта орақ үні шалқиды (Ақпаркесте)

22  Облысымызда қысқы мал азығын дайындау жұмыстары жоғарғы қарқынмен жүргізілуде. Сала мамандарының айтуларынша, биыл көктемгі жаңбырдың мол болуынан шөп қалың шығып,  тиісінше жоғары өнім алынуда.

  Ағымдағы жылдың тамыз айының 15-і күнгі кө
рсеткіш бойынша шабындықтың әр гектарынан орташа есеппен 16,3 центнер өнім алып,  өзгелерден озық тұрған  Зеленов ауданы. 128,316 мың гектар жерді шабуды көздеген  аудан шаруалары осы уақытқа дейін  оның 75,5 пайызын орындаған. Қазіргі таңда жоспарланған 203,87 мың тонна шөптің 153, 89 мың тоннасы жиналған.


  Ал Бөрлі ауданы болса, жоспарды артығымен орындаған. Биылдыққа 474,3 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланған. Өңірде 583,39 мың тонна мал азығы дайындалып, жоспар артығымен, яғни 123 пайызға орындалып отыр. Шабылған шөптің өнімділігі гектарына орташа 10,8 центнерді құрайды.

  Өзге аумақтармен салыстырғанда биыл ең көп 363,900 мың тонна шөп жинауды жоспарлаған Ақжайық ауданы болып отыр. Бүгінге 175,076 мың тоннасы дайындалған. Оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша  109,568 мың, жеке тұрғындар  65,508 мың тонна. Ауданның 18 ауылдық округінің 12-сінде алдағы қыс маусымына  қажетті  мал азығы толық әзір. Шабындықтарда 380 трактор, 395 шалғы, 136 тайлауыш, 143 тиегіш жұмыс жасауда.

  Сондай-ақ кестеге көз жүгіртсек,  шабындық төсіндегі қимылы ерек Қазталов  ауданының пішенші-механизаторлары екенін байқауға болады. Аталған аудан шаруалары 343,13 мың тонна мал азығын дайындауға бекініп, Ақжайықтан кейін көбірек шөп жинауды жоспарлаған екінші аудан. Қос өзен жағасындағы пішеншілер көздеген меженің 241,660 мың тоннасын немесе 70,4 пайызын жинап үлгерген.

  Шөптің шығымына қарай Бөкей ордасы ауданында қысқы мал азығын дайындау жоспарын биыл екі есеге орындау мақсат етілген. Яғни  238,230 мың тоннаға жеткізу көзделді. Күні бүгінге 206,500 мың гектар жер шабылып, одан алынған өнім 113,500 мың тонна қыстақтарға тасылып, үйілуде.

  Жаңақала  ауданының жоспары бойынша 125,41 мың тонна мал азығын дайындау болса, бүгінге дейін оның 82,8  пайызы дайындалды.

  Мал азығын дайындау науқанына 180 трактор, 127 орақ қатысып, күні бүгінге дейін 189,08 мың гектар жердің шабындығы шабылды. Одан 103,8 мың тонна сапалы табиғи мал азығы жиналды. Биылғы шөп өнімділігі бір гектардан орташа 5,76 центнер болып отыр.

  Орақ қарқыны жақсы. Әсіресе, жоспарының 97,0 пайызын дайындаған Пятимар, 89 пайызын дайындаған С. Меңдешев атындағы, 84 пайызын дайындаған Мәстексай, Жаңажол округтерінде орақ іркіліссіз жүруде.

  Тасқала ауданы бойынша да шаруашылықтарда шөп шабу науқаны қарқынды. Бүгінгі таңда 63,4 мың тонна шөп дайындалды. Жылдық жоспар 79,9 мың тонна болса,  ол 79,3  пайызға орындалды. Орташа түсім  гектардан 6,1 центнерді құрап отыр.

  Жәнібек ауданы  биыл 174,5 мың тонна мал азығын дайындауды жоспарлаған. Науқан басталғалы 154,2 гектар алқаптың шөбі шабылып, әр гектардың орташа шығымдылығы 7,7 центнерді құрауда. Бұл  118,7 мың тонна мал азығы дайындалып, жоспар 68,2 пайызға орындалды деген сөз. Бұдан басқа былтырдан қалған 14,9 тонна пішен және бар.

  Биыл Теректі ауданында да шөптің шығымдылығы жылдағыдан ерекше болды. Орташа есеппен өнімділігі гектарына 11,7 центнерден беруде. Науқан кезінде 216,96 мың тонна шөп жинауды мақсат тұтқан аудан шаруалары  жоспарды әзірге 66,1 пайыздан асырған. Табиғаттың жауын-шашынсыз қолайлы шағы шөп шапқан шаруа ағайынға мол мүмкіндігін беріп тұрған кезде қалған 143, 4158 мың тоннасын жинап алуды көздеуде.

  Сондай-ақ 254,93 мың тонна шөп жинауды жоспарлаған Сырым ауданы әзірге белгіленген жоспарларының 57 пайызын орындаған. Мал азығын дайындауға 157 маялағыш, 101 жинауыш, 287 шабу машинасы  мен тырма, 389 трактор жұмылдырылған.

  Қаратөбе ауданындағы шөп шабу жұмысының да барысы жаман емес. Гектарына орташа есеппен 6,3 центнер өнім алып, 140,00 мың тонна өнім алуды көздеген шаруалар қазіргі таңда жұмыстың 55,4 пайызын орындаған.

   Шыңғырлау ауданы бойынша мал азығын дайындау науқаны қарқынды жалғасып жатыр. Тапсырма бойынша 145,830 мың тонна пішен қамдау жоспарланған екен. Бүгінде соның 75,1 мың тоннасы, яғни 51,5 пайызы орындалды. Пішен шабу әлі тоқтаусыз жүруде. Қазіргі таңда аталмыш бағытта ауылдық округтер арасында  Лубен ауылдық округі мал азығын даярлауда міндетке алған жоспарын 90,6 пайызын орындап алда келеді.

 

Аудандар бойынша 2016 жылғы 15-тамызға мал азығын дайындау жөніндегі мәлімет

 

 

   

Аудандар

Шөптің өнімділігі, ц/га Дайындалған мал азығы, мың тонна  

орындалуы %

нақты жоспар
1 Бөрлі 10,8 58,339 47,43 123
2 Бөкей ордасы 5,5 206,5 238,23 86,6
3 Жаңақала 5,76 103,8 125,41 82,8
4 Тасқала 6,1 63,4 79,90 79,3
5 Зеленов 16,3 153,89 203,87 75,5
6 Қазталов 7,5 241,66 343,13 70,4
7 Жәнібек 7,7 118,7 174,5 68,2
8 Теректі 11,7 143,4158 216,96 66,1
9 Сырым 8,0 145,542 254,93 57,0
10 Қаратөбе 6,3 77,51 140,00 55,4
11 Шыңғырлау 7,5 75,1 145,83 51,5
12 Ақжайық 8,7 175,076 363,9 48,11

 

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале