4.04.2016, 11:57
Оқылды: 38

Шалыс басқандар қоғамнан аластамауы керек

sot      Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын пробация қызметі елімізде қолға алынғанына көп бола қоймады.

     Жалпы айтатын болсақ, пробация сөзінің қазақшасы сынау немесе байқау дегенді білдіреді екен. Оның мақсаты шартты түрде сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету.


     Істі болған жандарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту, еліміздегі қылмыстық саясат тұжырымдамасының негізі екенін ескерер болсақ, пробация қызметі осы бағытқа келеді. Яғни қылмыс жасаған адамды темір торға тықпай, жазасын қоғамға пайда тигізер іспен өтеуге мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың бәрін орындауы керек. Ал пробация қызметі ондай жандарды жай бақылап қана қоймай, әлеуметтік мәселелері болса, оларды шешуге ықпал жасайды. Зеленов ауданында да жұмыс жасап тұрған пробация қызметінің жұмыс жайын білмек боп сол сала мамандарын сөз тартқанбыз.

     -Бүгінгі таңда Зеленов аудандық №1 пробация қызметінің есебінде 60-қа жуық бас бостандығынан айыру жазасына кесілген жан тұр. Біздің мамандар олардың сотпен белгіленген мерзім кезеңінде әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсете отырып, сот жүктеген міндеттерін орындауды қадағалап, сотталушылардың жүріп-тұруына бақылау жасайды. Осы күнге дейін есепте тұрған 53 сотталушыға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді. Есепте тұрғандардың басым көпшілігі бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар. Жаза басқан жандар арасында қиын жағдайға душар болған адамдар да кездесіп жатады. Оларға әлеуметтік-құқықтықтан бөлек, психологиялық, медициналық көмектің көрсетілуін де қадағалап отырамыз.

     Көп жазасын өтеуші 086 формасындағы анықтама алу үшін келеді,-дейді аудандық пробация қызметінің бастығы Жанат Сәрсенов.

     Сондай-ақ пробация қызметінің мамандары аудандық жұмыспен қамту бөлімімен бірігіп, сотталғандарды ақылы қоғамдық жұмысқа орналасуларына да ықпал жасайтын көрінеді. Бұдан бөлек істі болғандардың қайта қылмыс жасауына жол бермеуін де бақылауға алған.

     -Қазіргі таңда 15 адамды жұмысқа орналастырдық, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 1 адамды оқуға жібердік. Кей ақылы  мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілуін де қамтамасыз етіп отрымыз. Бұл жұмыстың барлығы шалыс басып, білместікке барған жандардың қоғамнан алшақтап кетпей, өзін еліміздің толыққанды азаматы ретінде сезінуі үшін жасалып жатырған жұмыс, -деп сөзін тамамдады Жанат Жұманұлы.

 www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале