9.12.2015, 13:04
Оқылды: 29

Шалғай ауылдарға газ келді (ФОТО)

Karatobe gaz01   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қаратөбе ауданының Сулыкөл ауылдық округіне қарасты Төлен, Үшана елді мекендерінде көгілдір отынның алауын жағу салтанатты рәсімі болды. Аудан орталығынан шалғай орналасқан қос елді мекен халқының көптен күткен қуаныштары жүзеге асып көгілдір отын жеткізілді. Аталмыш ауылдарға Қалдығайты ауылынан газ құбырын тартқан «Лайге» ЖШС жұмысты межелеген уақытында бітірді. Ауыл ішіне газ тартуды «Батысремстройпроект» ЖШС жүргізді. Ауыл халқының қуанышын бөлісе келген аудан әкімі Асхат Шахаров:

  • Құрметті жерлестер! Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Төлен, Үшана

ауылдарына көгілдір отын жеткізіліп, тұрғындардың көптен күткен арманы жүзеге асырылды.  Тәуелсіздік мейрамымен қатар келген қуаныштарыңыз құтты болсын. Татулықты ту еткен еліміз тәуелсіздік жылдары ішінде толағай табыстарға қол жеткізді.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты саясаты мен ішкі бірліктің арқасында  мемлекетіміз қарқынды даму үстінде. Шалғай ауылдардағы халықтың тұрмысы түзеліп, заман талабына сай салынған әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеруде. Мұндай қуанышты Төлен, Үшана ауылының тұрғындары да сезініп жатыр.  Соның бір дәлелі ауылдарыңызға газ құбырының келуі. Көптен күткен қуаныштың зейнетін көріңіздер. Егемендігіміз мәңгілік, елдігіміз тұғырлы болсын, - деді.

Karatobe gaz02

Төленкөл ауылында  көгілдір отын алауын жағу рәсімінде сөз алған еңбек ардагері Қайыржан Аймағанбетов ел игілігі үшін жасалған жұмыстың ауыл халқы үшін маңызы зор екендігіне тоқталып, Елбасына, облыс, аудан басшылығына шынайы ризашылығын жеткізді. Төленкөлдің төріндегі алғашқы көгілдір отынның алауын аудан әкімі Асхат Шахаров пен еңбек ардагері Қайыржан Аймағанбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев жақты.

Үшана ауылында да ауыл тарихындағы ерекше күн болып саналатын бүгінгі қуанышты күндерімен құттықтаған зейнеткер ұстаз, еңбек ардагері Аман Жүсіпқалиев аудан әкімі Асхат Шахаровпен бірге көгілдір отын алауын тұтатты.

Kareatobe gaz003

Сулыкөл ауылдық округінің әкімі  Берікқали Мұсаның айтуынша, Үшана ауылында 134, Төлен ауылында 63 үй бар. Қазір қос ауылдағы 15  үйдің тұрғындары құжаттарын рәсімдеп, газдың жылуын сезініп отыр.

www.zhaikpress.kz

Нұрлан ҚҰМАРҰЛЫ

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале