22.07.2015, 20:31
Оқылды: 27

Шалқардан шабыт алғандар

263A0995Шілденің 20-21-і күндері  облысымыздың белсенді жастары Шалқар көлінің жағасында бас қосты. VІІ облыстық жастар форумы мен жастардың жазғы лагерінде бас біріктірген 200-дей жас өздеріне ортақ мәселелерді қозғап, пікір алмасты. Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты.

 Форумның секциялық отырыстарында ауқымды мәселелер қозғалды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырдағы меморгандар мен жастар ұйымдарының өзара іс-әрекетінің тиімділігін арттыру, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды. Сондай-ақ бір секциялық отырыс «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында жастарға рухани-патриоттық тәрбие беру жүйесін қалыптастыру тақырыбын көтерді.

IMG_6403Бақтияр Мәкенұлы жастар ұйымдарында қызмет атқарғандағы тәжірибесін, «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде оқуы кезінде көрген-білгенін ортаға салды. Волонтерлық жұмыстан жастар ұйымының көшбасшысына, түрлі жастар жобаларының ұйымдастырушысына айналғанын, одан мемлекеттік қызметке өтіп, білімін шетелде жетілдірген Бақтияр Мәкенұлы АҚШ-та қарапайым жұмысшы болып, еден жуу арқылы шетелде отбасын асырағанын мысалға келтірді. Сөйтіп бұл еркін форматтағы кездесуде жастарға ой салып, жігер берді.

Жазғы лагерьде барлық ауданнан жиналған делегаттар спорттық ойындар, ұлттық ойындардан сайыстарға қатысып,  тренингтер, шығармашылық және интелектуалдық ойындарға ат салысты. Бірінші күн жастардың шоу бағдарламасымен қорытындыланды. Екінші күні «Таза жағалау» экологиялық акциясы өткізіліп, «Жастар болашағы – Мәңгілік Ел!» флешмобымен лагерь жабылды. Жалпы бұл форум қорытындысында өңірде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Нұрлыбек  НҰРЛАНҰЛЫ,

«Орал  өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале