11.09.2015, 11:00
Оқылды: 24

Шалқарлықтардың шапағаты

Mektepke jol   Тұрмысы төмен, жетім, не ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың білім алуына, көп балалы жанұялардың жаңа оқу жылына дайындалуына көмектесуді ту еткен «Мектепке  жол»  акциясы Шалқар ауылында да жалғасын тапты.

Шара барысында сөз алған ауыл әкімі Мусин Сабырбек акцияның  маңыздылығына тоқталып өтті.

Айта кетейік,  Шалқар ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен және шаруа қожалықтар, жеке кәсіпкерлер (киіз үй иелері, жолаушы тасымалдаушылар), мекеме қызметкерлерінің демеушілігімен 200 000 (екі жүз мың) теңге қаржыға, округіміз бойынша биыл 42 отбасы, 100 мектеп  жасындағы  балаларға  оқу  құралдарымен  көмек көрсетілді.

Ал, ата-аналар қауымы  демеушілік көрсеткен мекеме басшыларына, жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалық басшыларына рахмет айтып, ризашылықтарын білдірді.

          www.zhaikpress.kz

Құрманай Тасжанова

Шалқар ауылдық округі әкімі аппаратының статисті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале